25 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде ауа райы тұрақсыз болып, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстікте және шығыста тұман түседі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн ашық болады.
Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертен кей жерінде тұман түседі, Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.
Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысында қатты, кей жерінде өте қатты ыстық сақталады.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде, Қарағанды облысында қатты ыстық болады.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде күндіз өте қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Арыста зардап шеккендермен кездесті
Өзгелердің жаңалығы