25 мамыр vs 31 мамыр. Депутат оқу жылын қайта қысқартуды ұсынды

Депутат Гаухар Танашева оқу жылын 25 мамыр күні аяқтауға қатысты Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол өз сауалында білім саласынағы өзекті мәселелердің бірі - оқу жылын ұзарту мәселесін көтерді.

Оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім жұртшылық тарапынан қолдау таппай, оқу жылын 25 мамырда аяқтау туралы өтінішпен көптеген ұсыныс түскен. Айта кететініміз, осы создырылған уақытқа нақты оқу бағдарламасы қарастырылмаған, - деді Танашева.

Депутаттың сөзінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болсақ, ұйымдастырылып жатқан петициялар, сауалнамалар, білім саласының мамандарының және ата-аналар мен балалардың пікірлеріне көңіл бөліп, келесі оқу жылында осы мәселені мұқият қарастыру қажет.

Депутат өз сауалында оқу жылының ұзақтығын 25 мамырға дейін қысқарту мәселесін қарастыруды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы