25 мамыр: Бүгін 170 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның барлық мектебінде Соңғы қоңырау рәсімі екі жылдық карантиннен кейін дәстүрлі түрде өтеді.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгін 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Оның 8 мыңнан астамы "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер.
Республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отыр.
Биыл эпидемиологиялық жағдай жақсарып, мектеппен қоштасу мерекесін дәстүрлі түрде өтеді. Алайда ол міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс пен нұсқауды алды. Бүгін елімізде 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады.
Соңғы қоңырауда мына іс-әрекетке тыйым салынады:
— аниматорларды, мереке агенттігін, әртістерді, мерекелік шара өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;
— мерекелік дастархан жаюға;
— жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсия жасаға;
— мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін қаражат жинауға;
— ойын-сауық мекемелерінде бітіру кешін ұйымдастыруға рұқсат жоқ.
Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Ал аттестатты салтанатты тапсыру рәсімі 16-17 маусымда өтеді.