25 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбі, 25 мамырда Қазақстан территориясы жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік батысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл, күндіз желдің екпіні –18 м/с. 

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл созуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында жылдамдығы 23 м/с жетеді. 

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы