25 қазанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгиромет» РМК.
Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының күндіз кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы