24 жылға сотталған Бишімбаев бостандыққа шыға ала ма?

Әділет министрінің орынбасары Бөтагөз Жақселекова жақында 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, Бишімбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мәселесі заң бойынша регламенттелген. Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты.

Жалпы бұл мәселені сот шешеді. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам өтінішті түзеу мекемесінде бере алады, - деп жауап берді Ботагөз Жақселекова.

Жақселекованың сөзінше, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша соттың үкімі заңды күшіне енбеген.

Аса ауыр қылмыс бойынша тоқталайын. Мұнда ең аз мерзім жазаның үштен екісін кешіруге болады. Иә, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі керек. Біріншіден, (мерзімінен бұрын түрмеден шығару) шешімін сот шығарады. Екіншіден, сот үкімінің заңды күшінен енгенін күтуіміз керек, - деді вице-министр Сенат кулуарында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы сот
Өзгелердің жаңалығы