24 тонна алкогольді сатпақ болған Ақмола облысының тұрғыны сотталды

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті алкоголь өнімдерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға болған жерді қарау кезінде автокөлік тіркемесінен спирті бар сұйықтық толтырылған әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қорытындысына сәйкес, тәркіленген құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 27,5 миллион теңгеден асады, -деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Сот үкімі Батжановқа А.Т. қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы