24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет» РМК-сы шілденің 24-і күнгі күн райы болжамын жариялады. 

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 24 шілде күні еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында найзағай онйап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, елдің батысында, шығысында бұршақ жауып, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның тек оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ұлытаудың оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облыстарының шығысында өте қатты ыстық болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы