24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 шілдеде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республиканың бірқатар аймағында жауын жауып, солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерде тіпті бұршақ жаууы да ықтимал. Сондай-ақ, республиканың бірқатар бөлігінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз елдің басым бөлігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігінде жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарында жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен соғып, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Күндіз, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде өрт қауіпі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы