Кеше 2026, 20:45
Фото: ©BAQ.KZ архиві
24 сәуірде кей өңірде үсік жүреді – Қазгидромет
Еліміздің екі облысында түнде – 2 градус үсік күтіледі.
Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 24 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды.
Ақпаратқа сәйкес, еліміздің екі облысында түнде – 2 градус үсік күтіледі. Яғни:
- Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында;
- Павлодар облысының солтүстігінде.
Елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлікдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады, - "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.