24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" синоптиктері 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын кең ауқымды антициклон жүреді.
Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі, - "Қазгидромет" РМК.
Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.
Шымкентте аспан бұлтт, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.