24 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, тек республиканың орталығында және оңтүстігінде жауын-шашын болмайды.

Республиканың кей жерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл болып, түнде жел кей жерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей жерде 30 м/с және одан асуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ болып, түнде жел кей жерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ болады.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Атырау облысынын кей жерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, таңертең жене күндіз Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарынын кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының күндіз кей жерінде найзағай болып, жел 18 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының кей жерінде 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында 3 градус үсік сақталады.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы