24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 835 кәсіпорынның 25 мың жұмыскерге 2,6 млрд теңгеден астам қарыз екенін анықтады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 484 нұсқама беріліп, 67,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 2,5 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,6 мың тексеру жүргізген. Сонда ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 3,7 мыңнан астам фактісі анықталып, 124,6 млн теңге айыппұл салынып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы