6 Қыркүйек 2026, 08:48 Фото: istockphoto.com

235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады

Жыл басынан бері Алматыда 4 мыңнан астам суық қару тәркіленген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері полицейлер 235 келі болатын 4 270 дана суық қаруды тәркіледі. Олардың арасында пышақ, сойыл және басқа да қауіпті заттар бар.

Полиция жастар мен студенттерге «керек болып қалар» деген оймен мұндай заттарды өзімен бірге алып жүрмеуге шақырды.

Тіпті қарапайым жанжалдың өзі күрделі жағдайға ұласып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жанжал кезінде қол астында болған қауіпті зат оқиғаның одан әрі өрбуін түбегейлі өзгертіп жіберуі ықтимал, – деді Полиция департаментінің қызметкері Тимур Ноғайбаев.

Полиция қаруды заңсыз айналымға енгізу және алып жүру үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтың жолын кесіп қана қоймай, оның алдын алу. Заңды сақтаңыздар, айналаңыздағы адамдарды құрметтеңіздер және өз қауіпсіздіктеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар, – деді Ноғайбаев.