232 мыңнан астам қазақстандық баспана кезегінен шығарылады

Тұрғын үй алу кезегіне тұрған әрбір үшінші қазақстандықтың дерлік баспанаға мұқтаж емес немесе құжат тапсыру кезінде қателіктер кетеді. Елімізде мұндай 200 мыңнан астам адам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі хабарлады.

Астаналық Евгений Садовников балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ол бірнеше жылдан бері баспана кезегінде тұр. Кезектің баяу жылжығанына қарамастан, үмітін үзбейтінін айтады. Қазір жігіт астананың іргесіндегі жеке үйді досымен бірге жалдап тұрып жатыр.

Мен Жезқазғанда «Үміт» балалар үйінде болдым, кейін 2010-2011 жылдары Астанаға ауыстырылдым. 10 жыл өтсе де мен үй кезегінде тұрмын. Пәтер әлі берілген жоқ, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, соңғы 10 жылда кезекте тұрғандар саны 6 есеге артқан. Әкімдіктер шамамен әрбір үшінші өтініш беруші заң талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады. Мамандардың айтуынша баспанасы бар адамдар да үй кезеніде тұрғанын айтады. Олардың арасында құжат тапсыру кезінде қарапайым қателіктер жіберетіндер де бар. Мысалы, тиісті тіркеудің немесе Қазақстан азаматтығының бар-жоғын ескермейді. Тізімде тіпті қайтыс болып кеткен адамдар да тұр.

Шамамен 233 мың адам сәйкес келмейді, олар тізімнен алынып тасталады. Бүгінге дейін әкімдіктер жұмысқа кірісіп, 10 мыңға жуық адамды кезектен шығарып үлгерді. Кезектен біреуді алып тастаса, сол артта тұрғандардың кезегі алға жылжиды, яғни баспанаға тезірек қол жеткізеді, - дейді Индустрия және құрылыс министрлігі басқару комитетінің сарапшысы Самат Бекжігіт.

Хабар24-тің мәліметінше, мемлекеттік қордан пәтер бөлуді ашық ету үшін мәжілісмендер Тұрғын үймен қамту орталығын құруды және бұл процесті толығымен цифрландыруды ұсынып отыр. Осылайша, әрбір өтініш беруші жеке кабинеті арқылы істің жай-күйін бақылап отырады.

Жергілікті атқарушы органдардан кезекте тұрғандардың барлығын «Отбасы банкіне» ауыстырғымыз келеді. Кезекте тұрған әрбір адамның жеке кабинеті болатындай және бөгде адамның араласуынсыз кезегін бақылап отырады. Жергілікті тұрғын үй комиссияларын алып тастаймыз, өйткені бөлу кезінде заңбұзушылықтар болды деп халық наразы болған жағдайлар болды, - деді Мәжіліс депутаты Лұқбек Тұмашинов.

Сондай-ақ депутаттар бұрынғыдай жалға берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіруге рұқсат беруді ұсынып отыр. Тұрғындар оларға осындай өтінішпен жиі жүгінеді. Ал бұл пәтерлерді ұстауға мемлекет қомақты қаржы жұмсайды. Тек Астананың өзінде оларды ұстауға 400 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Ең бастысы теңгерімдік құны бойынша жекешелендіру. Теңгермдік құн дегеніміз не. Мысалы, 2017 жылы Астанада 60 шаршы метр, 11 миллион 600 мың теңге болған. Бүгінде сол бағамен жекешелендіру сол жерде тұратын халыққа өте үлкен көмек. Қайтарылған ақшаға кезекте тұрғандарға пәтер сатып алуға жұмсаймыз, — деді Лұқбек Тұмашинов.

Жалдауға және несиеге жыл сайын мемлекет мұқтаж жандарға 25 мыңға жуық пәтер береді . Бірақ бүгінде кезекте 600 мыңнан астам адам тұрғанын ескерсек, бұл көп емес.

Сонымен қатар, ипотеканы алу кез келген адамның қолынан келе бермейді, өйткені бастапқы жарнаны жинақтау оңай емес. Сондықтан депутаттар тағы бір заңнамалық бастаманы – халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін бастапқы жарна сертификаттарын беруді алға тартып отыр. Сондай-ақ мәжілісмендер шетелден қайтарылған активтердің 30 пайызы кезекте тұрғандар үшін әлеуметтік тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға салынуы керек деп санайды.

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң осыдан 26 жыл бұрын қабылданған. Бұл кезеңде ол түбегейлі өзгермеген. Олар қазір жобаны пысықтап, қоғамдық талқылаулар өткізіп, келесі жылдың басында Мәжілістің жалпы отырысында қарауды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы