17 Тамыз 2026, 11:23 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

23 тамызда Астанада LRT мен автобуспен жүру тегін болады

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CTS мәліметінше, тегін жол жүру мына бағыттарда қолжетімді:

- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;                                                           
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.

Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
CTS жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.