23 тамыз, сәрсенбіге арналған ауа райы

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуімен күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек оңтүстік аумақтарда жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұманды болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» мәліметінше, күндіз Жетісу, Ұлытау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында от шығу қаупі жоғары, ал өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Алматы облысының солтүстік жартысында от шығу қатері аса жоғары, сондай-ақ өңірдің оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы