23 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты шығыста және оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, шығыста – кей жерде нөсер жаңбыр. Сондай-ақ, шығыстың кей жерінде желдің күшеюі,  дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта тұман түседі.

Шығыс Қазақстанда, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі.  

Қарағандыда түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Алматы, Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді,

Қызылорда облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы