23 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 23 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.
Қазақстан территориясының басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан, оңтүстікте, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Территорияның қалған бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, солтүтік өңірлерде қар жауады.
Республика бойынша кей жерде тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады, жел күшейеді, Қызылорда облысында желдің екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысында кей жерде шаңды дауыл, түнде кей жерде жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20 кей жерде екпіні 30 м/с және одан аса күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерде тұман күтіледі, жел кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысында кей жерде жел 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола облысында кей жерде жаяу бұрқасын, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, жел кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, күндіз кей жерінде көктайғақ күтіледі, жел күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының түнде кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ, тұман күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.