23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, жел күшеюі, дауыл болуы, бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын, батысында және оңтүстігінде күн ашық болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысынын кей жерінде найзағай, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Павлодар түнде және таңертең Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз Павлодар облысында найзағай болады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Павлодар облысының кей жерінде 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.