23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 ақпанда Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға  болжамын ұсынды.

Қазақстан аумағының басым бөлігі төменгі қысым аумағы ықпалында болады және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. 

Еліміздің батысына, солтүстік-батысына антициклон әсер еткендіктен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұрқасын болады, - делінген хабарламада.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, жолдарда көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 

Алматы облысында кей жерде жел 17-22 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында және Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы