227 жолаушысы бар ұшақ шұғыл қонды
Әуе компаниясының мәліметінше, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері ұшақтан қалыпты тәртіппен шығарылған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Италиядан АҚШ-қа бағыт алған United Airlines әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Ирландияда шұғыл қонуға мәжбүр болды.
11 шілде күні 24 жыл пайдаланылған Boeing 767 ұшағы Римдегі Фьюмичино әуежайынан ұшып шығып, АҚШ-тағы Ньюарк Либерти халықаралық әуежайына бет алған. Ұшақ бортында 227 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған.
Атлант мұхитының үстімен ұшып бара жатқан кезде экипаж ұшақтың оң жақ қозғалтқышынан ерекше дірілді және салоннан бөтен иісті байқаған. Осыған байланысты ұшқыштар төтенше жағдай жариялап, трансатлантикалық рейсті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Ұшақ бағытын өзгертіп, Ирландиядағы Шеннон әуежайына сәтті қонды. Қауіпсіздік шарасы ретінде әуе кемесін әуежайда авариялық қызметтер қарсы алды.
Әуе компаниясының мәліметінше, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері ұшақтан қалыпты тәртіппен шығарылған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Жолаушылар басқа рейстерге қайта орналастырылды, ал Boeing 767 техникалық тексеруге жіберілді.
- Қызылордалық креаторлар Астанада 12,1 млн теңгенің өнімін сатты 22:51
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55