22 жастағы отандық боксшы МТК Global-мен келісімшартқа отырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МТК Global промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Ескендір Харсанмен келісімшарт жасасты. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында жазылды.
22 жастағы боксшы профи-рингтегі соңғы айқасын 24 наурыз күні Алматыда грузин Джаба Мемишишиге (8-11, 1КО) қарсы өткізген болатын. Алты раундқа есептелген екінші жеңіл салмақтағы кездесу екінші раундта Е.Харсанның жеңісімен аяқталды.
Боксшы Мемишишиді үш рет нокдаунға түсіріп, соңында нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, рингте небәрі алты жекпе-жек өткізген Ескендір Харсан екі титулға ие - WBC Intercontinental-дың «жастар» белдігіне және WBB нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда арықтарға су жіберілді
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы