22 Тамыз 2026, 08:22
Фото: pexels.com
22 тамызда жеті қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әсер етеді. Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
22 тамызда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, ҚМЖ Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Астана мен Атырауда байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әсер етеді. Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мамандар мұндай күндері:
- таза ауада ұзақ уақыт болмауға;
- көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде серуендеуді шектеуге;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартуға;
- ашық ауада дене белсенділігін азайтуға;
- спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес береді.
Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.