22 сәуірде үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 сәуір күні еліміздің үш қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидромет мәліметінше, Алматы, Балқаш және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны күтіледі.

 Республиканың басқа қалаларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы