22 индустриялық жоба аясында 349 жұмыс орны ашылды – Қызылорда облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында бүгінде облыс орталығы мен барлық ауданда индустриялық аймақтар құрылып, жұмысын бастады. Облыстағы индустриялық бойынша жалпы құны 197,3 млрд теңгені құрайтын 60 жоба орналастырылды, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.
60 жобаның ішінде құны 65,3 млрд тенгені құрайтын 22 жоба іске асырылып, 349 жұмыс орны ашылды. 2021 жылдың I жартыжылдығында іске қосылған жобалардың шығарған өнім көлемі 10,8 млрд теңге, – делінген мәліметте.Айта кетейік, индустриялық аймақтарға қажетті инфрақұрылым (электр энергия, су, табиғи газ және т.б.) тартылған. 60 жоба арқылы 79,4 млрд теңге инвестиция игерілген. Нәтижесінде, инфрақұрылым жеткізуге жұмсалған 1 бюджеттік теңгеге қайтарымды 11,8 теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш орталық органдар тарапынан тиімді деп бағалануда. Яғни, жоғарыда аталған көрсеткіштер индустриялық аймақтардың тиімділігін көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордалық алаяқ шымкенттікті тоғыз миллион теңгеге алдаған
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы