22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан атмосфералық ағынның өтуімен кей жерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерінде - тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысының әкіміне 100-ден астам сұрақ қойылды
Өзгелердің жаңалығы