22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қаңтар күні Қазақстанның барлық аумағына дерлік солтүстік және оңтүстік циклондармен байланысты атмосфералық ауа ағындары әсер етеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындарына байланысты қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік және шығыста бұрқасынмен бірге болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшееді.

Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы