21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасына барады

Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті 

Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-ші мәрте толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады 

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ОСЫ САЛМАҚТАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ: 

2021 жыл. Токио Олимпиадасы

63 келі Закир Сафиуллин (1/4 финал) 

2016 жыл. Рио Олимпиадасы 

64 келі. Абылайхан Жүсіпов (1/16 финал) 

2012 жыл. Лондон Олимпиадасы 64 келі. Данияр Елеусінов (1/4 финал) 

2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы 64 келі. Серік Сәпиев (1/4 финал) 

2004 жыл. Афина Олимпиадасы 64 келі. Нұржан Кәрімжанов (1/4 финал) 

2000 жыл. Сидней Олимпиадасына қатыспады. 

1996 жыл. Атланта Олимпиадасы 63,5 келі. Болат Ниязымбетов (қола жүлде)

Талантты боксшымызға Париж Олимпиадасының жүлдесі бұйырса екен дейміз

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы