Бүгiн 2026, 21:50
Фото: Скриншот
ШҚО-да орман өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Жалпы өртті сөндіру барысында тікұшақ арқылы 7 рет су төгіліп, 21 тонна су шашылған.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында, Бұқтырма су қоймасына жақын Аюда шатқалында (Приморск орманшылығы аумағы) шөп, бұта және ағаштардың жануы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ авиациясы тартылып, Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды. Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен ШҚО ТЖД күштері жұмыс істеді.
Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен желдің күшеюіне байланысты күрделене түскен. Соған қарамастан, қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, ашық жану ошақтары толық жойылды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.
Жалпы өртті сөндіру барысында тікұшақ арқылы 7 рет су төгіліп, 21 тонна су шашылған.