21 тонна есірткі заңсыз айналымнан шығарылды – Маткенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Төлеген Маткенов есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы брифингте айтты.
10 айдың ішінде полиция заңсыз есірткі саудасы саласында 1950 қылмысты анықтады. Оның ішінде өткізу фактісі 1123 және контрабанда фактісі 87-ні құрап отыр. Алынған есірткі көлемі 3 тонндан асып, синтетикалық түрі 90 келіден артып отыр. 6 ұйымдастырылған есірткі топтың қызметі әшкереленді. ҰҚТ-ның 5 көшбасшысы мен 21 мүшесі ұсталды. Оларға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды, - деді Маткенов.
Оның айтуынша, 7 есірткі лабороториясынан 65 келіден астам дайын есірткі табылды.
Сондай-ақ, 140 литр спирттік зат бар. Қара нарықта оның сомасы 1 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Осы күндері ресейлік әріптестермен бірлескен жұмыс аясында оңтүстік астанадағы тағы бір лаборотория табылды. 3 алматылықтан 10 келі мефедрон табылды. Олар қылмыстық топ мүшесінің пәтерінде әзірлеген. Шикізатты шетелден алдыртып, дайын өнімді Алматыда сатпақ болған,- деді ол.
Сондай-ақ, ол ауқымды «Қарасора» операциясы аяқталғанын айтты.
Ол жыл сайын маусым-қазан айларында жүзеге асырылады. Оның аясында оңтүстік өңірледерде өсірілетін қарасораны өсіріп, таратпау шаралары жүзеге асырылады. Есірткіні сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеп, жұмысын тоқтатумен айналысады. Операция аясында 830 қылмыстық іс әшкере болды. Оның ішінде 383 шығару фактісі, 162 есірткі заңсыз сақтау дерегі мен 233 қарасораны өсіру дерегі тіркелді. 3 ҰҚТ ұсталып, оларға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық жауапкершілікке топтың 2 көшбасшысы мен 16 қатысушысы тартылды. Заңсыз айналымнан 21 тонна әртүрлі есікрткі түрлері алынды, - деді ол.