21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел болады. Еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болжанады.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы