21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.


Оңтүстіктің кей жерінде катты жаңбыр жауады, тек батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман, жел күшейіп, жаяу бұркасын сақталады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысында тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде жаяу бұркасын, көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, 15-20 м/с дейін жетеді,  түнде жаяу бұркасынмен күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с, танертен және күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, түнде және танертен Ақмола, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақмола облысында көктайғақ болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы