21 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі?

21 қазан күні Қазақстанда ауа райы қандай болады? «Қазгидромет» мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Батыста жаңбыр жауып, солтүстікте үсік жүруі мүмкін. Астана мен Алматыда күн ашық, Шымкентте жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Тек батыс өңірлерде ғана жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылы ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі мен таңертеңгі тұман болжанады. Орталық және солтүстік аймақтарда түнде үсік жүруі мүмкін.

Астанада күн райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –5–7°C, күндіз +10–12°C.

Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 5–7°C, күндіз +17–19°C.

Шымкент: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6–8°C, күндіз +22–24°C.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы