21 наурызда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ертең ел астанасында да қолайсыз ауа арйы күтіледі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 наурызда бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Ұлытау облысында облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей кезде 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанайда тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Павлодарда тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.
Астанада тұман, көктайғақ күтіледі.