21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын болады. Кей жерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыста және және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола, Қостанай облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз кей жерінде найзағай түседі, кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында найзағай болады.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде 1-6 градусқа дейін, Қостанай, Қарағанды облыстарында 3 градус, Ақтөбе облысында 1 градус, Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.