XXI ғасырда қазақтың жеріне қатысты жөнсіз пікірлер ештеңені өзгерте алмайды – Тоқтар Болысов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарық көрген мақаласына байланысты пікір білдірді.

Президент мақаласына негіз болған идеямен мен де келісемін. Бізге жерді ешкім сыйға бермеді. Ол тағдырдың да, көршілес мемлекеттердің де тартуы емес, ата-бабамыздың қанымен, терімен, жасымен келген теңдесіз байлық. Қазақстанның жері байтақ екені рас. Алайда сол байлықтың өзі ғасырға жалғасқан талай күрестің жемісі, - дейді Тоқтар Болысов.
Оның айтуынша, соңғы уақытта ақпараттық ленталардағы жаңалықтардың бір бөлігі қазақтың жеріне қатысты жөнсіз пікірлерге арналды. 
Дегенмен сондай жат пікірлердің жетегінде кету Қазақстанның көзі ашық, көкірегі ояу жастарына тән емес. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның жастары ретінде тарих пен саясатты бөлек қарастыра аламыз. Тарих бізге мәлім. Оны XXI ғасырда ешкім өзгерте алмайды. Ал біз, жастар ретінде азаматтық позициямызды білдіріп, қоғамдық іс-шараларда белсенділік таныта береміз. Әр маман өз саласына еңбегін сіңірсе ғана бұндай жайттар орын алмайды. Тарихты халық бастан өткерсе, оны жазатын тарихшылар. Ал саясатқа араласам дегендер - саяси реформаларға және осы шаққа жауапты. Өткен шақ туралы тарихшылар сөз қозғаса дұрыс болады, - дейді Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы