2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің бағыттары айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының сценарийін айтты.
Мемлекет басшысы мәлімдеген көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын орындау үшін 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясының жобасы әзірленді. Екі сценарий әзірленді: базалық және көміртекті бейтарап. Алдын ала есептеулер бойынша, көміртегі бейтараптығы сценарийін жүзеге асыру 2060 жылға қарай шығарындыларды 98 пайызға азайтады, – деді Серікқали Брекешев үкімет отырысында.Оның айтуынша, Стратегияны әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Сонымен қатар біз Париж келісімінің мақсаттарына жету үшін Ұлттық бағаланған жарналарды (ONUV) жаңарту жұмыстарын аяқтадық. Барлық негізгі секторлар үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту шараларын қамтитын жол картасы әзірленді. Құжат мемлекеттік органдармен келісе отырып жасалған, – деп толықтырды министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет басшысы вакцинациялау қарқынына көңілі толмайтынын айтты
Өзгелердің жаңалығы