2035 жылға қарай Астана халқы 2,5 млн-ға жетеді

2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адамға дейін артады деп болжанып отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана – халық санының ең жоғары өсім қарқыны бар өңір (6,8%). 2024 жылы елорда тұрғындарының саны 90 мың адамға немесе 7 пайызға өсті. Халық саны - 1 520 756, - деді әкім.

Оның айтуынша, Үкімет Астана қаласының жаңа Бас жоспарын бекітті.

2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адамға дейін артады деп болжанып отыр. Қолайлы мегаполис қалыптастыру мақсатында 
Бас жоспарға сәйкес алдағы 10 жыл ішінде 120-дан астам мектеп, 170-тен астам балабақша және 50-ден көп денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған, - деп айтты қала басшысы Үкіметте.

Айта кетейік, бұған дейін әкім Астанадағы LRT биылғы қыркүйекте іске қосылатынын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы