2034 жылы Олимпиада Солт-Лейк-Ситиде өтеді

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-ші сессиясында белгілі болды. Жалпы қысқы ойындар Францияда төртінші рет өткелі отыр. Төртжылдықтың басты додасы 1924, 1968 және 1992 жылдары ұйымдастырылған болатын. 

Ал 2034 жылғы ақ Олимпиаданы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайды. Бұл шаһар 2002 жылы да қысқы ойындардың астанасы болған. Алдағы ақ Олимпиада 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Өзгелердің жаңалығы