2030 жылға қарай су тапшылығы артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Су ресурстарының азаюы, халықтың экономика және экологиялық қажеттіліктеріне судың өсуі жағдайында елімізде 2030 жылға қарай су тапшылығы 23 текше км болуы мүмкін. Су ресурстарына қатысты жағдай өңірлерде әртүрлі болғандықтан күрделене түседі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша мемлекет басшысы елімізде су ресурстарын тиімді қолдануға және үнемдеуге ерекше көңіл бөліп отыр. Президент су нысандарын үнемдеп, оның экожүйесін сақтау үшін елімізде 120 каналды қайта жаңғыртып, жаңадан 9 су қоймасын салуды жүктеген.
Өзен ағысының көп жылдық динамикасы - жергілікті және трансшекаралық ағындардың азайғанын көрсетеді.
Мәселен, 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше км болса, қазір ол шамамен 102 текше км. Бұл климаттың өзгеруіне және антропогендік факторлерге байланысты. 2030 жылға қарай өзен ағыны 99,4 текше км-ге дейін қысқарады деп болжанып отыр. Қазір су ресурстарының тапшылығы 17 текше км-ден асады. Ол су экожүйелерінің қажеттілігі есебінен жабылып отыр,-деді ол.
Су ресурстарының азаюы, халықтың экономика және экологиялық қажеттіліктеріне судың өсуі жағдайында елімізде 2030 жылға қарай су тапшылығы 23 текше км болуы мүмкін екені айтылды. Су ресурстарына қатысты жағдай өңірлерде әртүрлі болғандықтан күрделене түсепек. Елдің шығыс өңірі су ресурстарымен неғұрлым қамтамасыз етілсе, орталық Қазақстан ең аз қамтылған. Оңтүстік және батыс өңірлер шектесетін өзге мемелкеттерге тәуелді. Сондықтан болжанып отырған су тапшылығы осы өңірлерге қатты әсер етеді.
Д. Бекмағамбетов су тапшылығына климаттық факторлардан бөлек су ресурстарын тиімді басқару да әсер етіп отырғанын жеткізді.
Біріншіден, оңтүстік және батыс аймақтардың көршілес елдердің су саясатына тәуелділігі. Бұл өңірлерде ел халқының жартысынан көбісі тұрады және олардың өмір сүру дағдысы сумен қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Екіншіден, су экожүйелерінің қажеттіліктері қалдықтық принцип бойынша соңғы орында қалып отыр. Бұл дегеніміз Арал мен Балқаштың басты себебі. Үшіншіден, суды пайдалану тиімділігінің төмендігі. Сондай-ақ су беру қызметтеріндегі төмен тарифтер. Төртінші, Су ресурстары комитетінің ағымдағы штат саны жағдайында су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауға толыққанды бақылауды қамтамасыз ете алмайды. Жалпы, су саласын дамыту мен бақылау назардан тыс қалып отыр,-деді ол.
Сондай-ақ Су ресурстар комитеті проблемаларды «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Агроөнеркәсіп кешенді 2025 жылға дейін дамыту бойынша» Ұлттық жобасы аясында шешіп отырғандарын мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығында 7 мың км-ден астам суару желілерін реконструкциялау, 212 каналдағы суды есепке алуды цифрландыру және 16 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау арқылы 2025 жылға қарай суару кезіндегі нормативтік емес су шығындарын 4 текше км-ге дейін қысқартылады,-деді Бекмағамбетов.
212 каналдың былтыр 23-і цифрландырылған, осы жылы тағы 89 канал цифрландырылады. Бүгінде суару жүйесінде ұзындығы 21 мың км-ден асатын магистралдық және шаруашылық аралық каналдары бар, олар мемлекеттік меншікте. Оның 55%-дан астамының жағдайы нашар, сол себепті су шығыны жоғары.