2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар саны 80%-ға жетеді. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Еліміздегі демографиялық өзгерістер отандық еңбек нарығына өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл саладағы ең басты өзгеріс жұмыс күшінің жаңа буынының пайда болуынан туыпдап отыр. Қазір 2000 жылдардан кейін туылған ұрпақ есейіп, ержетіп келеді. Жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбек нарығына қосылып жатыр, - деп айтты Еңбек министрі.

Дүйсенова жұмыс күшінің жаңа сапалы құрылымы қалыптасып жатқанын атап өтті. Сөзінше, еліміздегі жұмыс күшінің 60%-ы миллениалдар мен Z буыны. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 80%-ға жуықтайды.

Айтуынша, бұл үрдіс жұмыспен қамту саясатын қайта қарауды көрсетіп отыр. 

Тамара Дүйсенова азаматтарды жай жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы жұмыс беріп, халықтың табасын арттыру қажет деп есептейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет 2025 жылға дейін Халықтың табысын арттыру бағдарламасын бекіткенін хабарлаған болатынбыз. Бағдарлама аясында елімізде шамамен 2 млн-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы