2030 жылға қарай ЕО елдері кедейлер санын 15 млн-ға азайтпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы онжылдықта Еуропалық Одақ елдерінде жұмыспен қамтылу деңгейі кем дегенде 78%-ға жеткізілуі тиіс.

Жұма күні Портудағы Еуропалық Одақ саммитінің алғашқы күнінде 2030 жылға дейін шешулі тиіс әлеуметтік мәселелердің бірінің мақсаты осындай болды.

Бұдан бөлек Еуроодақ ересек тұрғындарының кем дегенде 60%-ы жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұруы қажет. Сонымен қатар кедейшілік пен әлеуметтік оқшаулануға ұшырайын деп тұрған адамдар санын 15 млн-ға дейін азайту керек.

Бірыңғай ауқымды пікірге келген елдер, кәсіподақтар мен компаниялардың көзқарасын Португалия премьер-министрі Антониу Кошта жеткізді. 
Өз кезегінде Германияның еңбек және әлеуметтік істер министрі Хубертус Хайль қазір «әлеуметтік Еуропаның» маңызы артып тұрғанын айтты.

Цифрландыру және жасыл экономикаға көшу жағдайында қажетті біліктіліктер мен сұранысқа ие жұмыс орындарын құру қажет, - деді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен. 

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін экономиканы қалпына келтіру қоры септесіп, 750 млрд еуро қарастырады. Еурокомиссия басшысы аталған бағдарламаны жылдамдатып жүзеге асыру қажет екенін айтты. Егер ЕО елдері тиісті заңды ратификацияласа, Еурокомиссия маусым айынан бастап, қорды қаржыландыру үшін капитал нарығына несие тарта бастауы мүмкін деп қосты фон дер Ляйен.

Екікүндік саммит қатысушылары COVID-19 пандемиясымен күрес және ЕО елдерінде бірыңғай ұстанымы жоқ вакцина патенттерін алып тастау мәселелерін талқылайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы