2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына бес жаңа спорт түрі енгізілді
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті жалаулы футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол/софтболды 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бұл ұсынылған бес спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне толығымен сәйкес келеді және әлемге әйгілі америкалық спорт түрлерін көрсетеді. Олардың қосылуы Олимпиадалық қозғалысқа Америка Құрама Штаттарындағы және бүкіл әлемдегі спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа қауымдастықтарымен араласуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АҚШ-қа халықаралық спорт түрлері де келеді, - деді Бах.
2022 жылдың ақпанында ХОК Лос-Анджелестегі 2028 жылғы Жазғы ойындардың бастапқы бағдарламасына су спорты, садақ ату, жеңіл атлетика, бадминтон, баскетбол, велоспорт, ат спорты, семсерлесу, футбол, гольф, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, гандболды қоса алғанда, 28 спорт түрін енгізді.
Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2028 жылдың 14 шілдесінде өтеді. Жарыс 30 шілдеде аяқталады.