2027 жылы елімізде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Будапешттегі сапарында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткізгенін, нәтижесінде еліміздегі дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойғанын айтты.
Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді, - дейді ол.
Сондай-ақ ол Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізгендігінде мәлім етті
Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін,- деп жазады ол.