2027 жылдан Қазақстан бірыңғай сақтандыру моделіне көшеді
Биыл “Медициналық көмектің бірыңғай пакеті туралы” заң қабылданды. Онда 2027 жылдан бастап бірыңғай сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшу қарастырылған. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл модель бойынша міндеттемелердің 35%-ы – МӘМС құрамына кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен, ал 65%-ы – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылады, – деді Бозымбаев.
Ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері саланы қаржыландыру көлемі 3 есе артқанын атады. Сондай-ақ саланы цифрландыру барысына тоқталды.
Саланы цифрландыру аясында 17 ақпараттық жүйені біріктіретін E-Densaulyq экожүйесі құрылып жатыр. Цифрландыру нәтижесінде “Дәрілік заттарды маркілеу” және “Әлеуметтік әмиян” сияқты жобалар іске асырылды, олар қағаз рецепттерді қолдану қажеттілігін жояды, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" арқылы ипотека беру 2 есе артты
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы