16 Қазан 2026, 15:12 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы тиісті қаулы жобасы  «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

Жобаға сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдер индексацияланады. Бұл шара әлеуметтік төлем алушылардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Тағы оқи отырыңыз: Мұқтаж жандарға көмек: 2027 жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді 

Қазақстанда шағын бизнеске 10,2 трлн теңге бөлінді: Қаржы кімдерге беріледі?