4 Қыркүйек 2025, 10:45
Фото: - архив
2026 жылы жалақы мен зейнетақы қандай болады
Қазақстанда 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасында негізгі әлеуметтік көрсеткіштер белгіленді. Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланып, 3 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасында негізгі әлеуметтік көрсеткіштер белгіленді. Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланып, 3 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоба қабылданған жағдайда, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей мөлшерлер бекітіледі:
- ең төменгі жалақы – 85 мың теңге (2025 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз),
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (+6 278 теңге),
- ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге (+3 236 теңге),
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (+393 теңге),
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (+4 623 теңге).
Сонымен қатар 2026 жылы жасына байланысты зейнетақылар мен еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 10%-ға ұлғаймақ.
Айта кетейік, қазақстандықтардың зейнетақысы бірнеше құрамдас бөліктен тұрады: бюджеттен төленетін базалық зейнетақы, еңбек өтілі 1998 жылға дейінгі азаматтарға арналған ынтымақтық зейнетақы және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін жинақтаушы зейнетақы.
Бюджет жобасын талқылау 3 қыркүйекте аяқталады.
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47
- «Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 16:11