2026 жылы шетелдік инвестициялар 25,5 млрд долларға дейін артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

Айтуынша, өзі басқаратын ведомство 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеген.

Тұжырымдама жобасында көзделген негізгі нысаналы индикаторлар – негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ішкі жалпы өнімге 25,1%-ға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде 25,5 млрд долларға дейін арттыру. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тұжырымдама жобасы инвестициялар тарту саясатын қайта қарау жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейді.Инвестициялық дамудың негізгі пайымы әрбір саланың экономиканы дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, инвестициялар тартуға теңдестірілген тәсілдентұрады, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілеттілікті арттырудың түйінді драйвері деп отыр.

Мұнда еңбек өнімділігінің өсуіне, экспорттың көлемін ұлғайтуға және күрделілігін арттыруға, неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімінің жаңа өндірісін игеруге және өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулауға баса назар аударылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдау жеке капиталдың жетіспеушілігі бар жоғары технологиялық капиталды қажет ететін жобаларды іске асыру үшін басым көрсетіледі. Екінші маңызды драйвер– қызмет көрсету секторы. Фокус өңірлік және жаһандық жеткізу тізбектеріне тиімді интеграциялау үшін қажетті инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін технологиялар трансферті мен кәсіби құзыреттерді дамытуға шоғырландырылады, - деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы