Бүгiн 2026, 12:14 Фото: pixabay.com

2026 жылы Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істей алады

Жаңа өзгерістер еңбек нарығына тартылатын шетелдіктер санын нақтылайды.

Қазақстанда 2026 жылы жұмыс берушілер қанша шетелдік қызметкер тарта алатыны нақтыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – еңбек нарығына жіберілетін шетелдік жұмысшылар санына қойылатын шектеу, яғни квота туралы болып отыр.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес:

  • жұмыс берушілер әкімдіктердің рұқсаты арқылы тартатын шетелдік мамандар үшін квота жалпы жұмыс күшінің 0,3%-ын құрайды;
  • еңбек иммигранттары (негізінен жеке тұлғаларда жұмыс істейтіндер) үшін – 2,85%.

Құжат 2026 жылға арналған бұрын бекітілген параметрлерге өзгерістер енгізеді.

Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 24 сәуірде қол қойған, ол биылғы 10 мамырдан бастап күшіне енеді.